29.11.2019
28 қараша күні №1 ОМ фойесінде бастауыш сынып оқушыларының Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған «Туған жер» - «Родная земля» атты суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар бұл шараға белсенді қатысты. барлық жұмыстар эстетикалық талғамға сай, әсерлі, әрлі әрі керемет әдемі болды! Балалар өз жұмыстарында еліміздің кең байтақ жерін, алқаптар пейзажын, заманауи Қазақстанды, еліміздің нышандарын, халықтық дәстүрлер мен мерекелерді, жануарларды бейнеледі. Оқушылар өз суреттерінде Отанға деген шексіз сүйіспеншілік, мемлекет нышандары мен қазақтың дәстүрлеріне, халықтық мерекелерге құрметтерін көрсеткен, қазақ даласының сұлулығын бейнелеп, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың және қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тынымсыз еңбектері арқасында әр түрлі ұлттардың өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан өз республикасы үшін мақтаныш сезімдерін жеткізуге тырысқан. Балалардың жұмыстары сан алуан! Бұл шара жеткіншек ұрпақтарды Отанға суйіспеншілікке баулып, оларды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге ықпал етеді.
М.Рыбинская, бастауыш сынып мұғалімі