29.11.2019
28 қараша №1 орта мектептің 11сынып оқушылары мен ата-аналардың қатысуымен ҰБТ орталығының басшысы Қадырбекова Г.Х. 2019 жылы ҰБТ- да қандай өзгерістер болады ?- деген сұрақ төңірегінде кездесу өтті.Ол Жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту аясында 2019 жылдан бастап мемлекеттік білім гранттары білім бағдарламаларының топтары бойынша тағайындалатына тоқталды. Сәйкесінше, еліміздің жоғары оқу орындары дербес білім бағдарламаларын жасап алады. Мысалы, «Математика пәні мұғалімдерін даярлау» тобына «Математика», «Математика - Физика», «Математика - Информатика» кірсе, «Ақпараттық технологиялар» тобына - «Информатика», «Ақпараттық жүйелер» және тағы басқалары енеді.
Яғни, білім гранттарының тағайындалуы бұрынғыдай мамандық бойынша емес, білім бағдарламаларының топтары бойынша жүзеге асырылмақ.
2019 жылы ҰБТ форматы еш өзгеріссіз қалады. Оқуға түсуші дәстүрлі түрде 3 міндетті пән (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы) және 2 бейін пән бойынша тестілеуден өтеді. «Бірақ, биылдан бастап ҰБТ жылына 4 рет - қаңтар, наурыз, маусым, тамыз айларында өткізілмек. Қаңтар, наурыз, тамызда өтетін тестілеуді тапсыру арқылы талапкер ЖОО-ның тек ақылы бөліміне түсуге мүмкіндік алады. Ал, мемлекеттік білім грант конкурсына қатысу үшін міндетті түрде маусым айында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуы тиіс. ЖОО-ның ақылы бөліміне оқуға түсу үшін талапкерге жылына 4 рет өткізілетін ҰБТ кез келгеніне қатысып, шекті балл жинау жеткілікті» деп мәлім етті министрліктен. Қаңтар, наурыз айларында өтетін тестілеуді талапкер ҰБТ өткізілетін өзіне ыңғайлы кез келген орталығында тапсыра алады. Тек ол үшін ҰБТ өткізу пунктіне көрсетілген мерзімде өтініш беру қажет.
Оқушылар мен ата-аналар сұрақтар қойып, өздеріне қажетті ақпаратты алды.
11-сынып жетекшісі Исина Гүлназ Рысбаевна