Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мектеп тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болып табылады, барлық оқушылармен іске асырылады және білім беру мекемесіндегі барлық педагогикалық жұмыскерлердің негізгі функционалдық қызметі. Оқушылармен жұмыс кезінде қ балалрмұқықбұзушылыққа және қылсымкерлікке бейім балаларға ерекше назар аударылады. «Атбасар қаласы №1 орта мектебі» КММде 2019 жылдың 28 қарашасы күні 9-11 сынып оқушыларымен: «Профилактика правонарушений среди несовершеннолетних» атты дәріс-әңгіме өткізілді. Ұйымдастырушы Атбасар аудандық соты болды. Бұл шараға қала мектептерінің оқушылары белсенді қатысты. Атбасар аудандық сотының судьясы Жакимова Алмагуль Жумабековна қылмыскерлік, қылмыстар туралы жан-жақты терең әңгімелеумен қатар, Ақмола облысының аудандарындағы кәмелетке толмағандармен жасалған әр түрлі қылмыстар жайында айтып берді. Сөйтіп, оқушылар кәмелет жасына толмаған тұлғалармен жасалған түрлі құқықбұзушылықтар мен қылмыскерліктер үшін қолданылатын жазалардың түрлері туралы білді. Шара соңында Атбасар ауданының ЖПҚБ ҚЮП қызметкері, полиция капитаны УндубаевБауржан Муратович алдын алушылық жұмыстар өткізді, ол өз сөзінде МІЕ және ҚЮП есебінде тұрған балалар ұрлық жасағаны, ауыр дене жарақаттарын келтіргені, бұзақылық және басқа да қылмыстар жасағаны үшін тек ҚР Қылмыстық Кодексіне сәйкес жаста болған жағдайда ғана қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы түсіндірді. Жасы жетпеген балаар үшін олардың заңды өкілдері жауапты болатыны, оларға тиісті құрылымдармен белгіленген түрдегі әкімшілік айыппұлдар салынатынын айтты.