30.11.2019
Заманауи мектеп үшін дарынды балаларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту мәселесі ерекше маңызды. «ҚГҒ және ЖМҒ пәндері бойынша олимпиадалық есептерді шешу және олимпиадалық тапсырмаларды орындау» тақырыбындағы өңірлік семинар осы салада дарынды балалармен жұмыстарды жүйелі, жоспарлы жүргізу мәселесін қамтыды. Семинар 2019 жылдың 29 қарашасы күні Балкашын №1ОМде Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы оқу-әдістемелік кабинеттің бастамасы бойынша ұйымдастырылып, басшылығымен өткізілді. Семинар жұмысына Зеренді, Атбасар, Жақсы, Жарқайың, Сандықтау ауданы мектептерінің пән мұғалімдері қатыстыс. Семинар барысында педагогтар түрлі форматтағы (коучингтер, мастер класстар, баяндаулар) тәжірибелерімен бөлісті.
Атбасар ауданынан қала және ауыл мектептерінің мұғалімдері қатысты. №3ОМ тарих мұғалімі Балекбаева Айгуль Аманжолавна, №1ОМ тарих мұғалімі Идрисова Жанар Мынжасаровна «Как подготовить к олимпиадам одаренных детей» атты мастер класс өткізді. Мұғалімдер өзіндік жұмыстардың сан алуан түрлерін көрсетті:жаттықтырушы, бекітуші өзіндік жұмыстар, шығармашылық, дамытушы сипаттағы өзіндік жұмыстар.
Облыстық оқу-әдістемелік кабинет директорының орынбасары, педагогикалық ғылымдардың кандидаты Кушпаева Гульнар Буркутбаевна өзінің пленарлық мәжілістегі: «Система работы с одаренными детьми в современных условиях» баяндамасында дарынды балалардың түрлі деңгейдегі зияткерлік бағыттағы олимпиадаларға дайындау жұмыстарының өзектілігін, облыстағы барлық педагогтар қызметтестігінің маңыздылығын тағы бір атап өтті. Семинар соңында аталған бағытта жұмыстарды келешекте жалғастыру бойынша ұсыныстар беріліп, қабылданды. Семинарға қатысушылардың бәрі аталған шараның жоғары тәжірибелік маңыздылығын атап өтті.