Сауаттылық – мәтінді оқу және жазу, өз ойын жазбаша жеткізе білу, оқығанда жеке сөздер мен сөйлемдердің мағынасын ғана емес, мәтіннің мағынасын түсіну, яғни жазбаша сөйлеуді меңгеру. Балалардың сөйлеу тілін дамытуда балаларды сауат ашуға дайындау ерекше орын алады. 22 қараша күні 0 «Б» сыныбында сауат ашу пәнінен сабақ өтті. Сабақтың тақырыбы: «Бекіту. Дауысты дыбыстарды қайталау» Мақсаты: Балалардың сөздегі дыбыстар туралы білімдерін бекітуді жалғастыру, «дауысты дыбыс» және оның белгісі – қызыл чип туралы түсініктерін бекіту. Міндеттері: сөздегі жетіспейтін дыбысты қосу қабілетін жетілдіру; дыбыс ұзақтығы әртүрлі (қысқа, ұзақ) табу; фонематикалық есту, сөйлеу, зейін, есте сақтау, қолдың ұсақ моторикасын дамыту, дәптермен жұмыс кезінде ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сабақ барысында «Сөзді өлшейік» дидактикалық жаттығулары, сонымен қатар
«Қандай дыбыс жоғалды» дидактикалық ойыны өткізілді. Балалар дауысты дыбыстарды да айтып берді. Баланың сауаттылыққа қалай енуі көп жағдайда оның оқу мен
жазуда ғана емес, жалпы тілді меңгерудегі жетістігіне байланысты. 0 «Б» сынып тәрбиешісі Джакупова М .Д