Текст
Мамандық таңдау жас кезінде шешілуі тиіс негізгі міндеттердің бірі болып саналады. Кәсіптік бағдар беру іс-шаралары бұл мәселені анықтауға көмектеседі. 24 қарашада «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының 1 орта мектебі» КММ-де Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің қызметкерлері 11-сынып оқушылары үшін сөз сөйледі. Оқушыларға білім беру бағдарламалары, оқу ақысы, баспана, шекті балл, пән таңдау, бюджеттік гранттар туралы айтылды. Мамандық таңдау – жауапты қадам, өйткені адамның әлеуметтік құндылығы өмір жолы қаншалықты дұрыс таңдалғанына байланысты.