09.12.2019
2019 жылдан бастап ҰБТ жылына төрт рет: қаңтар, наурыз, маусым және тамыз айларында өткізілуде. 2017 жылдан бері ҰБТ ылрматы да өзгерді.
Һзгерістер бейіндік пәндер бойынша тапсырмалардың түрлеріне тікелей қатысты. Міндетті блок (математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы, Қазақстан тарихы)бойынша тапсырмалар түрі бұрынғыша, ұсынылған бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдау керек.Бейіндік пәндер бойынша ұсынылған бес нұсқадан бір дұрыс жауап нұсқасын (20 тапсыриа), сонымен қатар, ұсынылған бірнеше нұсқадан бір, екі немесе бірнеше жауап нұсқасын (10 тапсырма) таңдайтын тапсырмалардан құралған. Бейіндік пәндер бойынша тестік тапсырмалар барлығы 30 сұрақтан құралады.
Бейіндік пәндер бойынша тестік тапсырмалар құрылымы келесідей:
– 1 – 20 сұрақтар – ұсынылған бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдауға берілген;
– 21 – 30сұрақтар – ұсынылған бірнеше нұсқадан бір, екі немесе бірнеше жауап нұсқасын .
Бірнеше дұрыс жауабы бар тестік тапсырмаларда жауаптың сегіз нұсқасы беріледі,соның ішінде 1, 2 немесе 3 уі дұрыс жауап болып табылады. Демек, дұрыс жауаптардың саны үшеуден артық болмауы керек.
ҰБТ тест тапсырмаларының жауаптарын бағалау келесі түрде жүзеге асырылады:
1) бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында дұрыс жауапты таңдағанда бір балмен бағаланады;
бір немесе бірнеше дұрыс емес жауапты таңдағанда нөл баллмен бағаланады;
2) бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар (үш дұрыс жауаптан артық емес) тест тапсырмаларында:
бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында дұрыс жауапты таңдағанда екі балмен;
бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында бір дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;
бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында екі және одан да көп дұрыс емес жауапты таңдағанда нөл балмен;
екі дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында екі дұрыс жауапты таңдағанда екі балмен;
екі дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында бір дұрыс жауапты таңдағанда бір балмен;
екі дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында бір дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;
екі дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында екі дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;
екі дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында екі және одан да көп дұрыс емес жауапты таңдағанда нөл балмен;
үш дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында үш дұрыс жауапты таңдағанда екі балмен;
үш дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында екі дұрыс жауапты таңдағанда бір балмен;
үш дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында екі дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;
үш дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында үш дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;
үш дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында тек бір дұрыс жауапты не екі және одан да көп дұрыс емес жауапты таңдағанда нөл балмен бағаланады.
Бейіндік пәндерді таңдау тестілеу уақытына байланысты еместігін және түлектердің оны кез келген айда өзгерте алатынын айта кеткім келеді. Ең басты шарт – берілген бейіндік пәндер комбинациясына берілген сәйкес болу керек. ҰБТ-ге табысты жақсы дайындалып, табысты тапсыруға тілектеспіз!
ҰБТ ӨО басшысы Кадырбекова Г.Х.