«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Туған жер» сынып сағаты – жас патриоттарды тәрбиелеу

10.12.2019
10 желтоқсан күні  1 «Г» сыныпта  «Туған жер» тақырыбына  сынып сағаты өткізілді. Бұл шараның мақсаты- патриотизмге баулу, Отанға, елдің  табиғатына, халықтардың  салт-дәстүрлеріне сүйіспеншілікке және түрлі ұлт өкілдері арасындағы өзара құрмет-сыйластыққа тәрбиелеу және  Қазақстанның тарихи және мәдени мұралары  мен нышандары туралы білімдерін бекіту болды. 
Отан туралы өлеңлерді оқығаннан кейін балаларға  - Отан деген не? – Біздің Отанымыз қалай аталады? – «Қазақстан» сөзі немен ассоциацияланады? деген сұрақтар қойылады. Бірінші сынып оқушылары Қазақстан жерінің қаншалықты бай және кең байтақ, бай  екені жайлы әңгімеледі. Кең байтақ өлкемізде  алқаптар, асқар-асқар таулар, шөлді  жерлер, сансыз өзендер мен көлдер бар. Қазақстанның мыңдаған жылғы тарихы, біздің республикамыздан тыс жерлерге танымал болған атақты, даңқты азаматтары бар. Қазақ халқының салт-дәстүрі өзіндік бірегей, ерекше. Бүгін біз өз Отанымыз туралы тағы да көптеген деректерді білетін боламыз.
Бірінші сынып оқушылары  16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздігі күні аталып өтетінін  білді. «Қазақстан өзінің көптеген саяси, экономикалық, әлеуметтік бағыттағы түрлі мәселелерін өздігінен шешеді. Тәуелсіздік алғаннан  бері 23 жылдың ішінде Қазақстанның өзіндік даму жолы  қалыптасты» деп мұғалім мерекенің маңызын, «Тәуелсіздік» сөзінің мәнін түсіндірді  Екатерина  Сергеевнаның әңгімесінен кейін балалар алда келе жатқан мереке, Отанымыздың тарихи  оқиғалары туралы бейне роликтерді  қарады, Алтын адамды, ұлы батырларды көрді.  Қазақстан Республикасының  мемлекеттік Туы, Елтаңбасы,туралы біліп, Әнұранды шырқады.
 
 
Сынып жетекшісі: Адомайтис Е.С.
 
 
 
Просмотров: 497


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст