12.12.2019
"Цифрлы Қазақстан» Жол картасын жүзеге асыру мақсатында, Атбасар ауданының мектептерінде бірінші сыныпқа қабылдау үдерісін автоматтандыру жүйесі енгізілуде.
2019 жылдың 11 желтоқсаны күні «Атбасар ауданы білім бөлімінің Атбасар қаласы №1 орта мектебі» КММде Атбасар ауданының 24 жалпыбілім беретін мектептерінің үйлестірушілері мен директорларын бірінші сыныпқа қабылдау үдерісін автоматтандыру жүйесі бойынша оқыту өткізілді. Ақмола облысы білім саласындағы жаңа технологиялар өңірлік орталығының инженері Ткаченко Евгений Сергеевич бірінші сыныпқа қабылдау үдерісін автоматтандыру жүйесіндегі іс–қимылдар алгоритмін көрсетті. Сонымен қатар, 1-ші сыныпқа қабылдауға өтініш беру үшін ата-аналарға қандай іс қимыл жасау керектігін түсіндірді.
Жаңа оқу жылында Атбасар ауданының мектептерінде бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта болады.