Текст
2023 жылдың 6 қаңтарында орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібіне бірқатар маңызды мәселелер енгізілді. Утеуова Асем Болатбековна әріптестерін мұғалімдерді аттестациялау ережелері мен шарттарына енгізілген өзгерістермен таныстырды. 2-ші оқу тоқсаны мен 1-ші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша оқытылатын пәндер бойынша білім сапасының талдауы мен салыстырмалы сипаттамасын Александра Николаевна Щербак баяндады. Оқушылардың пәндер бойынша білім сапасын арттыру мақсатында алдын ала жұмыс жоспары жасалды. Алдағы орыс тілі мен
әдебиеті апталығына байланысты пән апталығында өтетін іс-шаралар жоспары жасалды. А.Н.Щербак, ӘБ жетекшісі