Шет тілі апталығы аясында 23.01.12. №1 жалпы білім бюеретін мектепте ағылшын тілі мұғалімі Нурманова А.Н. 4 «Б» сыныбында ашық сабақ өтті. Сабақтың тақырыбы: «Ыстық пен суық». Сабақтың мақсаты: жаңа сөздерді меңгерту, олармен сөйлемді дұрыс құруға үйрету, жаңа сөздерді өмірлік жағдаяттарда қолдана білуге үйрету.
Сабақта топтық, жұптық, жеке жұмыстар болды. Балалар шығармашылық тапсырмаларды орындауға ынталы болды. Әр топ сабақта кластермен жұмыс жасап, оны әртүрлі, түрлі-түсті тапсырмалармен толтырды. Сабақта сөйлеу құзыреттілігінің барлық дағдылары (сөйлеу, тыңдау, жазу, оқу) қолданылды. Сабақта пәнаралық байланыс болды, мұнда оқушылар ойын технологиясының көмегімен сабақтың жаңа сөздерін қазақ тіліне аударды. Сондай-ақ, ағылшын тілі сабағы жаратылыстану пәнімен байланысты болды, балалар жыл мезгілдеріне, ай атауларына, ауа райы жағдайына байланысты сөздерді оңай атады, сөйлемдерді аударды. Жылдың әр мезгілінде әр түрлі іс-әрекет түрлерімен жасалған сөйлемдер сөздік қорын жақсартып, сабақта сөйлеуге үйренді. Тақтада жұмыс жүргізілді, бейне тапсырмалар көрсетілді, грамматикалық жаттығу, валеологиялық үзіліс, шығармашылық жұмыс, ойын жаттығулары. Әр тапсырмадан кейін оқушылар өз жұмыстарын бағалады. Сабақ соңында балалар табыс туралы рефлексия жасады. Барлық топ оқушылары сабақта өте жақсы және қызықты жұмыс жасады.
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Абрамова С.Е.