Текст
23 қаңтар күні №1 жалпы орта білім беретің мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің «Тіл-халық қазынасы» атты апталығының ашылу салтанаты өтті. Мектеп директоры Бекова Любовь Герихановна балаларды апталықтың ашылуымен құттыктап, мемлекеттік тілдің балалар өміріндегі маңызы туралы айтты. Әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар екені туралы «Әже мен бала» атты қойылым қойылды Оқушылар қазақ тілінің негізін қалаушы ұлы тұлғалардың тәлім-тәрбиелік сөздерін оқыды. Жүргізушілер балаларды апталықтың жоспарымен таныстырып, сәттілік тіледі. ӘБ мұғалімдері мектептің бірінші қабатында ақпараттық стенд, көрме және бейнеролик ұйымдастырды.