Текст
25 қаңтар күні №1 ЖББМ қазақ тілі мен әдебиет апталығы аясында "Тіл - татулықтың тірегі" атты сабақтан тыс іс-шара өтті. Мақсаты: оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, өз тілін дұрыс меңгеріп, таза сөйле білуге ана тілін қастерлеуге тәрбиелеу. Сайыс 6 кезеңнен тұрады. Балалар әр кезең бойынша өз білімдерін, білгендерін көрсетті. Оқушылар өте белсенді, қызығушылықпен қатысты. Сайыстан кейін әділ қазылар алқасы марапаттау рәсімін өткізді. Балаларымыз келешекте биік белестерден көріне берсін!