Текст
27 желтоқсан күні «Айналайын» шағын – орталығының «Қарлығаш» тобында «Қош келдің Жаңа жыл» атты ертеңгілік өтті. Ертегі елінен бақыт құсы ұшып келіп, Жалмауыз кемпірмен бірге балаларды таңқалдырып ойындар ойнады. Ертеңгілікте асыға күткен Аяз атамызбен Ақшақарымызда мерекені қыздыра түсті. Балалар аяз атаға арнап тақпақ, өлеңдерін айтса, Ақшақарымызбен бірге қыздарымыз мың бұрала биледі. Ертеңгілікте жаңа жылымыз тышқан, Жылан, Панда сияқты кейіпкерлер қонақта келіп балалардың көңіл күйлерін өтерді. Ертеңгілік соңында Аяз атамыз балаларға сыйлықтарын таратып, жақсы көңіл күймен мерекені аяқтады.