2023 жылдың 30 қаңтарында «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де география пәнінің әдістемелік апталығының салтанатты ашылуы өтті. Пәндік апталықтың мақсаты – оқушы тұлғасының дамуына оңтайлы жағдай жасау, оқушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес оқуға және өзін-өзі дамытуға қажеттіліктерін қалыптастыру және білім сапасын арттыру. Оқушылардың география пәнін оқуы олардың ой- өрісін кеңейтуге, түрлі халықтардың мәдениетін, салт-дәстүрін үйренуге мүмкіндік береді, еліміздің ұлттық байлығын
сақтауға және көбейтуге көмектеседі. Іс-шараның есте қалатыны театрландырылған қойылым болды, онда мектеп оқушылары ғылым патшайымы Географинаға мемлекетін сақтап қалуға көмектесті. Шара соңында жүргізушілер Апталық аясында өтетін іс-шаралар жоспарын жариялап, барынша белсенді қатысуға шақырды.
Зинченко К., география пәнінің мұғалімі