2023 жылдың 6 ақпанында «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының № 1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де: «Мұңаюға себеп жоқ!» айдарындағы психология апталығының салтанатты ашылуы өтті. Психология апталығының мақсаты – оқушыларды позитивті ойлауға баулу, психологиялық жайлы орта құру және өскелең ұрпақтың жеке өмірлік құндылықтарын дамыту. Жүргізуші (8 «Б» сынып оқушысы Гребенщикова Алина) оқушылар мен педагогтарды апталық аясында өтетін іс-шаралар жоспарымен таныстырып, белсенді қатысуға шақырды. 5,8 сынып оқушылары психология ғылымы туралы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өлеңдер оқыды. Психология апталығының ашылу соңында жиналғандардың барлығына ізгі тілектер жазылған тәтті кәмпиттер сыйға тартылды. Педагог-психолог Дауренбекова Г.