Ағымдағы жылдың 8 ақпанында психология пәні апталығы аясында «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ 5-11 сынып оқушылары арасында келесі тақырыптар бойынша:«Позитивтілік керемет!», «Бірге жүру қызық» сынып сағаттары өтті. Мақсаттары мен міндеттері: балаларға жақсы көңіл-күйдің адам денсаулығы үшін маңыздылығын және олардың көңіл-күйін көтеру жолдарын ашатын қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;жақсы көңіл-күйдің пайдасы туралы балалардың білімдерін пысықтау; психологиялық тұрғыдан жақсы көңіл-күйдің
маңыздылығын көрсету; балаларға бұрыннан таныс жағымсыз көңіл- күймен күресу жолдарын қарастыру. Сынып сағаттарына оқушылар белсенді қатысып, пікір алмасты, қазіргі өмір жағдайындағы позитивті ойлаудың маңыздылығы туралы әңгімеледі.