08.01.2020
Бүгін мектеп өмірінде көптеген өзгерістер болып жатыр, педагогтың жұмыс тәсілдері мен түрлері, оқыту әдістемелері қайта қаралуда. Бұл жұмыстардың барлығы білім сапасына, бәсекеге қабылетті білім алушыны тәрбиелеуге бағытталуда. Бұл жайлардың бәрі пәндерді оқыту саласындағы жаңа педагогикалық зерттеуді, оқыту-тәрбиелеудің инновациялық әдіс-тәсілдері мен құралдарын іздестіруді талап етеді. Аталмыш мәселе №1ОМ педагогикалық ұжымын да толғандырады, сол себептен жоспарлы педагогикалық кеңес: «Инновационные педагогические технологии в учебно-воспитательном процессе современной школы» тақырыбы бойынша өткізілді. Мәжілісті директордың оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Батченко О.Н. ашты. Ольга Николаевна әріптестерімен мұғалімнің «сабақты зерттеу» тұрғысы аясында тәжірибе бөлісті. Әріптестер назарына «сабақты зерттеу» мазмұнын ашқан бейнематериал ұсынылды. Оны қарау барысында мұғалімдер өзара пікір алмасты, кластерлер құрды. Сосын қоса баяндаушы ұс таздарға сөз кезегі берілді. Математика мұғалімі Мартин С.В.: «Формирование функциональной грамотности на уроках математики через использование инновационных технологий» тақырыбына баяндама жасады. Светланы Владимировнаның сөзін орыс тілі және әдебиет мұғалімі Щербак А.Н.: «Формирование функциональной грамотности на уроках русского языка и литературы через использование инновационных технологий» тақырыбында жалғастырды. Пән мұғалімдері әріптестерімен инновациялық технологияларды пайдалана отырып, топпен жұмыс түрінде мастер-класс өткізді. Сөз алған мұғалімдер сауаттылық танытты, әр қайсысы сабақтың тәжірибелік тұсын көрсете отырып, өз баяндауларының тақырыбын аша білді. Директордың оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Батченко О.Н. Ольга Николаевна мәжілісті жалғастырып, әріптестерін білім алушылардың ағымдағы үлгерімдерін бақылау мен қорытынды аттестациясын өткізу ережелерімен таныстырды.
Сонымен қатар, жиналғандарды 2 тоқсан, 1 жарты жылдық қорытындыларымен таныстырды. Мектеп директоры Бекова Л.Г. педагогикалық кеңес отырысының жұмысын қорытындылады.