Текст
Ойынсыз толыққанды психикалық даму болмайды және болуы да мүмкін емес. Ойын – баланың рухани әлеміне өмір беретін идеялар мен ұғымдар
ағыны құйылатын үлкен жарық терезе.Ойын – ізденімпаздық пен құмарлықтың алауын тұтандыратын ұшқын. Математика ақыл-ой тәрбиесінде және интеллектіні дамытуда үлкен рөл атқарады. 2023 жылдың 22 ақпанында 0 «А» сыныбында «Геометриялық фигуралар» тақырыбында ашық сабақ өтті.Мектеп жасына дейінгі балалар үшін ойынның маңызы ерекше: олар үшін ойын – оқу, олар үшін ойын – еңбек, ойын олар үшін тәрбиенің байыпты түрі болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойын - бұл қоршаған әлемді тану тәсілі.
Мектепке дейінгі тәрбиеші Смадьярова Ш.З