«Балалар өміріндегі ертегілердің рөлі» тәрбиелік мәні зор. Ертегі тілі балаға түсінікті, ол балаға жақсылық пен жамандықтың айырмашылығын түсіндіруге мүмкіндік береді.
В.А.Сухомлинский айтқандай: «Ертегі – баланың өмір құбылыстарына эмоционалды баға беруі өніп шығатын дән». 2023 жылдың 23 ақпанында мектепалды даярлық сыныбында «Ертегілер еліне саяхат» сөйлеуді дамыту бойынша ашық сабақ өтті. Мақсаты: балалардың жадында таныс ертегілерді бекіту, оларды үзінділер, иллюстрациялар және заттар арқылы тану. Міндеттері: ойлау, есте сақтау, қиялдау қабілеттерін дамыту. Ертегіге деген қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттыру. Сабақ барысында балалар ертегі кейіпкерлерімен танысып, ертегі кейіпкерлерінің рөліне енді. Ең маңызды мораль – ненің жаман, ненің жақсы екені. Біздің ертегілерімізде дәл осылай айтылған. Нәтижесінде бала өзін жақсы кейіпкермен салыстырып, жамандықтың жазаланатынын, жақсылықтың жеңетінін біледі.
Мектепалды даярлық тәрбиешісі: Джакупова М.Д.