Текст
28 ақпан күні 1-сыныпта бастауыш сынып онкүндігінде «Теңдіктер мен теңсіздіктер.Қазақстан халықтарының ұлттық киімдері» тақырыбында математика пәнінен ашық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылар әр түрлі тапсырмаларды орындады: теңдіктер мен теңсіздіктерді үлестірді, сандар мен өрнектерді салыстырды, теңдіктер мен теңсіздіктерді өз бетінше құрады. Қазақстан халықтарының ұлттық киімдерімен танысты. Жеке, жұппен, карточкамен жұмыс жасады; өзін ғана емес, сыныптастарын да бағалады. Сабақ бойы барлығы белсенділік танытты. Барлық тапсырмалар үлкен ықыласпен орындалды.
Бастауыш сынып мұғалімі: Т.В.Ларионова