2023 жылдың 2 наурызында Атбасар қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен Атбасар қаласы мектептерінің 11-сынып оқушылары үшін кәсіптік бағдар беру әңгімесі өткізілді. Жиынға «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің жігіттері, ата-аналары мен ұстаздары қатысты. Кездесуді ұйымдастырушы Атбасар қаласындағы ӨСБ-4 бөлімшесінің бастығы Т.С.Искаков, Атбасар қаласы бойынша төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Д.Д.Нурпеисов жиналғандарды оқу орнына түсу шарттарымен жан-жақты таныстырды. Түлектер мен ата-аналар үшін Көкшетау қаласындағы М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғаныс академиясы туралы бейнеролик көрсетілді. Оқу орнында оқу туралы ақпараттық буклеттер ұсынылды.