Текст
Музыка сабағы ♫ мектепалды даярлық сыныбында баланы музыкалық тәрбиелеу мен оқытудың негізгі түрі болып табылады. 2 наурыз күні мектепалды даярлық сыныбында музыка сабағы өтті. Сабақтың мақсаты: Музыка мен қозғалыстың мәнерлілігін қабылдауға үйрету, шығарманы қабылдаудың тұтастығын дамыту.
Музыка сабағында балалар «Бұлақтар» ырғақты би қозғалысын орындады. Қазақ халқының шығармашылығымен, музыкалық аспаптарда ойнауымен таныстық.
Музыка – эстетикалық тәрбие құралы, ол мектеп жасына дейінгі балалардың әсемдікті қабылдау, сезіну және түсіну, өз бетінше шығармашылықпен әрекет ету қабілеттерін дамытуға бағытталған.