15.01.2020
14 қаңтар күні «Атбасар ауданы білім бөлімінің Атбасар қаласы №1 орта мектебі» КММде жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу мәселелері қарастырылған жалпымектептік ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналысты мектеп директоры Бекова Л.Г. ашты. Ол жиналғандарды жаңа жылмен құттықтады, ата-аналарға қызметтестігі мен өзара түсіністік үшін алғыс білдірді.
Любовь Герихановна жиналыстың күн тәртібімен таныстырды және баяндау үшін іріктелген тақырыптардың маңыздылығын атап өтті. Бірінші мәселе бойынша «Атбасар ауданының тауарлардың және қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы» ММ қызметкері Клименко Галина Николаевна: «Вакцина работает» тақырыбында сөз алды. Ола ата-аналарға вакцинациялаудың маңыздылығы , егу ережелері туралы айтып, 0 ден 18 жасқа дейінгі балаларды егі күнтізбесіне сипаттама берді, вакцинация Қазақстан Республикасының барлық азаматтары үшін тегін өткізілетінін мәлімдеді. «Формирование здоровья и жизненных навыков, а также превенция суицида среди несовершеннолетних» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша облыстық үйлестіруші, «Bilim Fondein» қоғамдық қорының өкілі, отбасылық кеңесші Старцева Тамара Андреевна сөйледі. «Атбасар ауданы білім бөлімінің Атбасар қаласы №1 орта мектебі» КММ медқызметкері. Дьяченко Наталья Анатольевна «Осторожно: СНЮС!» тақырыбында сөз алды.
Директордың оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Батченко Ольга Николаевна жиынтық бағалаудың негізгі ерекшеліктері жайында ата-аналарға айтып берді. 1 «В» сын. жет. Рыбинская Марина Петровна мен 7 «В» сын.жет.Нурманова Алия Нурлановна «Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы»тақырыбына баяндама жасады.