16 қаңтар күні «Атбас ар ауданы білім №бөлімінің Атбасар қаласы №1 орта мектебі» КММде оқытушылық тәжірибені трансляциялауға арналған орыс тілі мен әдебиетінің аудандық семинары өткізілді. Утеуова Асем Болатбековна 8 «А»сыныпта «Удивительные факты о животных. Вводные слова и предложения» тақырыбына ашық сабақ берді. Сабақта «Минута», «Верно – неверно», эссе, блогтағы хат, бейне фрагмент белсенді стратегияларын қолданылды. Қалыптастырушы бағалау «Две звезды - одно пожелание», «Комментарий» түрінде өткізілді. Оқушылар жұппен, топпен жұмыс жасады. Мұғалім оқушылардың қызметін бағыттай отырып, оқушылардың шығармашылық әлеуеттерін белсендірді. Жұмыс соңында бір парақта жұмыс нәтижелері бағаланды. Рефлексия сабақтың өз мақсатына жеткенін, тақырыптың меңгерілгенін көрсетті. Щербак Александра Николаевна 5 «В»сыныпта «Борьба добра и зла в сказке Х.К. Андерсена «Снежная королева» тақырыбына орыс әдебиет сабағын өткізді. Сабақта қолданылған: «Две корзины», «Диаграмма Вена», «Маршрутный лист», суретшілердің иллюстрацияларымен жұмыс, рөлге бөліп оқу – белсенді стратегиялары сабақтың тақырыбын ашу мүмкіндігін берді. Мұғалім эмоционөлеңді мәнерлеп оқып, қорытындылауға алып келді. Сабақта: «Три карандаша», «Светофор», «Звезда».Рефлексия «Микрофон» түріндегі қалыптастырушы бағалау болды, ол сабақтың мақсаты іске асырылғанын көрсетті. Жиналған әріптестер сабақтардың жаңартылған білім беру мазмұны аясында өткенін, ал мұғалімдердің кәсіби шеберлік деңгейлерінің жоғарылығын атап өтті.