16.01.2020
2020 жылдың 16 қаңтары күні 8 «Б» сыныпта «Решение текстовых задач с помощью квадратных уравнений» тақырыбына алгебрадан ашық сабақ өткізілді. Сабақ жоғары деңгейде өтті. Мұғалім Мартин Светлана Владимировна уақытын тиімді пайдалана отырып, сабақтың әр кезеңін тыңғылықты ойластырған. Сынып оқушылары белсенді, әрі қызыға жұмыс жасады. Олар квадрат теңдеулерді шешу бойынша жақсы білім көрсетті, формулалар мен Виет теоремасын қолданды . Сабақ мақсатына жетті, тақырыбы ашылды.
Мқғалім тапсырмаларды сауатты, ұтымды іріктеген, оқушылардың жұмысын қадағалау іске асырылды. Сабақта қызметтестік атмосферасы орнады.