Көктем мерекесі қарсаңында «N1 жалпы білім беретін мектебі» КММ- де мектеп кітапханашысы Д.А.Конурбаева Наурыз мерекесіне арналған кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде Наурыз мейрамының тойлану тарихы, қазақ халқының салт-дәстүрі мен қойылған. Наурыз – ертеден келе жатқан халықтық мереке. Иран
және түркі халықтары үшін бұл көктемнің келу мерекесі, көктемгі күн мен түннің теңелу мерекесі. Ол бір жылдық циклдің аяқталуын және жаңасының туылуын білдіреді. Наурыз мейрамын не әкеледі? Көктем мерекесі – жаңарудың, жаңа өмірдің, жаңа мүмкіндіктердің туылуының символы. Ол құнарлылыққа, махаббат пен достықтың салтанат құруына арналған. Наурыз мейрамы – жамандық пен жағымсыздықтың бәрі ескі жылда қалатынын, ал жарқын да қуаныштың бәрі көктемде қайта туатынын еске салады.