Текст
12 наурыз күні Талдықорған қаласында грек-рим күресінен жарыс өтті. Шараны Мәдениет және спорт министрлігі, Спорт және дене шынықтыру комитеті ұйымдастырды. N1 жалпы білім беретін мектебінің 9 «А» сынып оқушысы Жапаров Алишер өз жас санатында спорттық жарыстың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Чемпионы атанды. Наурыз көктем мерекесіне арналған салтанатты жиында мектеп директоры Бекова Л.Г. жеңімпаз қатарынан көрінген Ә.Жапаровты құттықтап, лайықты жеңісі үшін диплом, алтын медаль және кубок табыс етті. Әлішердің ата-анасы алғыс хатпен марапатталды. Әлішерді спорттық жарыстағы жоғары жетістігімен құттықтаймыз.