Мектеп – жас ұрпақтың білім алып, тәрбиеленетін қасиетті орта. Білім берудің басым бағыттарының бірі – сапалы білім. 24 наурызда №1 жалпы білім беретін мектепте педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңес жұмысын мектеп директоры Л.Г Бекова ашып, білім беру жүйесінің негізгі міндеттеріне тоқталды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ракитина С.И. педагогикалық ұжымды 3 тоқсанның қорытындысымен таныстырды. Сондай-ақ, Светлана Ивановна жиналғандарды өткен оқу жылында өткізілген ББЖМ/МОДО қорытындыларымен таныстырды. Бұл мониторинг 4.9 сынып оқушылары арасында өтті. Әріптестер оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыру, түрлі қызықты, танымдық жұмыс түрлері туралы: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жакупова М.И.,
бастауыш сынып мұғалімі Чернова И.Р. Сынып жетекшілері сынып жетекшілерінің жұмысы туралы, олардың мақсаттары, міндеттері, жағдаяттарды шешу туралы: Рыбинская М.П., Мартин С.В. Жиналыс жұмысы дене шынықтыру пәні мұғалімі М.Ф. Шпиц-Бергтің сөзімен жалғасып, мектебімізде өткізіліп жатқан секциялардағы
мұғалімдердің жұмысы туралы ақпарат айтылды. Директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Алдабергенова Н.Ф. әріптестерін пән мұғалімдерінің жазғы кезеңдегі дарынды оқушылармен жұмыс жасаудағы мақсаты мен міндеттерімен таныстырды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Г.Наймушин әріптестерін мектеп аумағын абаттандыру бойынша іс-шаралар жоспарымен, «Прометей» аула клубының жұмысымен, мектеп жанындағы лагерьмен таныстырды. Кездесу жұмысы диалог түрінде өтті. Мұғалімдер шеберлік сабақтарына қатысып, түрлі тапсырмаларды орындауға қатысып, проблемалық жағдайларды
шешу жолдарын ұсынды. Әріптестер жұмысының нәтижесін мектеп директоры Л.Г Бекова қорытындылап, сөз алған әріптестеріне, ұстаздар қауымына бірлескен жұмысына алғысын білдірді. Сондай- ақ келесі оқу тоқсанында талқылауға және шешуге сұрақтар ұсынылды.