21.01.2020
16-17 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қаласында: «Инновации в образовании: траектории международного сотрудничества» атты педагогтардың Халықаралық форумы өтті.
Форум қызметі мектепке дейінгі оқытуда табысты тәжірибелер мен инновациялық шешімдерді енгізуге бағытталды. Ресей Федерациясының дәріскерлері жаңа әдістермен, технологиялармен жұмыс жасау бойынша семинарлар өткізді.Ұсынылған әдістемелердің құндылығы оларды білім беру ұйымының оқу-тәрбиелік үдерісіне шұғыл түрде енгізуге болатындығында. Форум күндері ауқымды экспозиция-жәрмеңке жұмыс жасады, жаңа интерактивтік технологиялар, робототехника, оқу жабдықтары, цифрлық зертханалар, әдебиеттер және басқа көптеген жаңашылдықтар болды.