Көктем тек табиғат оянатын, жаңаратын мезгіл ғана емес, тазалық пен тәртіпті қалпына келтіретін уақыт. «Ақмола облысы білім басқармасы Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының N1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де көктемгі сенбіліктерді өткізу игі дәстүрге айналған. Енді соңғы лас қар ерігеннен кейін бұл өте маңызды! 6 сәуір күні бекітілген учаскеде сенбілік өтті. Мектеп ұжымы тамаша жұмыс атқарды: мектептің айналасы түгелдей
тұрмыстық қалдықтардан, жапырақтардан, құрғақ шөптерден,шірінді өсімдіктерден тазартылды. Сенбілікке қатысушылар қоқыс жинап, мектеп ауласы мен спорт алаңын тазартты. Еңбек жемісін тамашалау бір ғанибет, әрі көз қуантады. Бұл жұмысқа ұжымның әр мүшесі өзіндік жылуын, үлесін қосты. Таза, жақсы жинастырылған мектеп маңайы айналадағылардың барлығын қуантады. Сенбілік қаламызды таза етіп қана қоймайды, халықты біріктіреді. Қала тазалығы –
әрбір азаматтың еңбегі, маңдай тері екенін халық түсінуі тиіс.