Ағымдағы оқу жылының, 7 сәуірі күні "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласын №1 жалпы білім беретін мектебі" КММде 8-11 сыныптардың жеткіншек қыздары арасында "Репродуктивтік денсаулық " тақырыбында әңгіме өткізілді. Іс-шараның мақсаты мен міндеттері:
жеткішектер арасында репродуктивті денсаулық, жеке қауіпсіздік пен өз тәртібі үшін жауапкершілік дәне аллын алу шаралары туралы білімдерді қалыптастыру. Мектептің педагог - психологы Дауренбекова Г.Е., мед. қызметкері Дьяченко Н.А. репродуктивтік денсаулыққа әсер етуші факторлар мен ерте жүктіліктің салдары
туралы айтты, сонымен қатар,қауіпсіз тәртіп бойынша ұсыныстар берді. Кездесу барысында жиналғандар назарына «Репродуктивтік денсаулық» атты мазмұнды бейнеролик ұсынылды. Әңгіме соңында оқушылар өздерінің сұрақтарына тұшымды, толық жауап алды.