24.01.2020
Халықаралық Интернетсіз күнге арналған Республикалық кең ауқымды акция аясында, 24 қаңтар «Атбасар қ. №1 орта мектебі» КММде «Я Offline» айдарында өтті . Бұл күні мектеп оқушылары математика және информатика мұғалімі Мартин С. В. Қтымды ұйымдастырған «Всемирный день без Интернета» диалог алаңқайына қатысты, шара барысында балалар Дүниежүзілік Ғаламтор желісінен, смартфондардан, компьютерлерден аулақ болуды көздеді. Демек, бұл күнді олар бір-бірімен қарым-қатынаста болып, өздерінің сүйікті істерімен айналысып, жақындарына көңіл бөліп, интернетке қатысы жоқ іспен айналысуға арнап, «шынайы» өмірде болуды қалады. Бастауыш сыныптардың оқушылары «Один день без интернета» конкурсына қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Біздің көпшілігіміз өз күнімізді интернетке кіруден: жаңалықтарды қарау, бейне фильмдер көрі, музыка тыңдау, бастаймыз. Желі пайдаланушылар саны күннен –күнге өсіп жатыр, интернет біздің бәріміздің күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналуда. Интернет әр отбасының мүшесіне айналғаны даусыз. Осы шыр айналып жатқан оқиғалар арасында біз өз жақындарымыз бен туысқандарымызға жылылық пен мейірімділік жетіспей жатқанын естен шығарып аламыз. Сондықтан, аталмыш акция жасөспірімдер үшін ғана емес, ересек тұрғындар үшін де аса өзекті деп ойлаймыз. Өмірдің әр сәті керемет, әрі аса қымбат! Ендеше осы баға жетпес құндылық- өмірдің тамаша кездеріне құрметпен қарап, әрдайым ата-анамыздың, жақындарымыздың жанынан табылайық. Шынайы өміріміз көрікті, келбетті, қызықты болып жүздеріңіздегі жылылық бейбітшілікке, достыққа керемет көңіл-күйге жетелесін! Шынайы өмірде шын сөйлесіп, шын күлімсірейік!
Щербак А.Н.