«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жастар Төртінші өнеркәсіп революциясының тарихи жаңғыру бастамасында

01.02.2018

Біз, 10 сынып оқушылары Елбасының халыққа Жолдауын «Төртінші өнеркәсіп революциясының жаңа мүмкіндіктері» толығымен Көшбасшымызды барлық жағынан қолдап, өз елінің келешегін болжайтынына қуанамыз. Елбасы жыл сайын жаңа мақсат қойып, оны қорытындылап отыратыны таңғалдырады. Жаңа Жолдауда нақты мақсат - отыз дамыған елдің қатарына қосылу. Бұл елдің әр салада қысқа мерзім ішінде жоғары жетістіктерге жетуі. Біз, елдің келешек жастары, жаңа дамып келе жатқан мемлекетке барлық күш-жігерімізді салуымыз керек. Біздің кезең қарқынды дамыған эволюциямен сәйкес келді. Әлемдегі экономикалық дағдарыстарға қарамастан, Елбасы нақты әлеуметтік даму бағдарламасында білім, денсаулыққа байланысты мәселелер әліде жалғасын таппақ. Ол дегеніміз, сапалы білім мен халықтың денсаулығына барлық жағдай жасалмақ. Жаңартылған білім бағдарламасында жаңа көзқарас қалыптаспақ. Техникалық білім алу үшін жастарға математика мен жаратылыстану ғылымдары тереңдетіліп оқылмақ. Бізді бақытты балалық шақ пен уақытты тиімді пайдалана білу қуантады. Еліміздің барлық аймақтарында Оқушылар Сарайының жанынан балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторлар қажетті инфрастуктураларымен салынбақ, сонымен қоса компьютерлер, лабораториялар, 3D-принтерлер. Бұл жастарды ғылыми-зерттеу мен өнеркәсіптік-технологиялық бейімдеуге соқпақ.

Біз, Қазақстан жастары, Отанымыздың гүлденуі, Төртінші өнеркәсіп революциясының тарихи жаңғыру бастамасында бірігіп, алға ұмтылуымыз керек

Просмотров: 481


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст