«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттің тұрақты даму формуласы дегеніміз - келешек ұрпақты патриоттық тәрбиелеу

30.01.2018

"Біз 21 ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын дербес орны бар ұлт боламыз десек, әлем бізді мәдени жетістіктерімізбен тануы керек» - деп Президент Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетіміздің ілгерінді дамуын, дүниежүзіне танымалдығын және ілгерінді жоспарын даналықпен белгілеп берді. Мемлекеттің тұрақты даму формуласы дегеніміз әрине, келешек ұрпаққа патриоттық тәрбие беру. Патриот – өз Отанының тағдыры туралы ойланып-толғанатын, туған жерін дамыту, оны гүлдендіруге бар күш-жігерін аямай жұмсайтын адам. Жас ұрпақты патриотизм рухында өсіру – мемлекеттің гүлденген болашағын қамтамасыз ету деген сөз. Президенттің даналығы, Қазақстан халықтары Ассамблеясының бірлігі арқасында елімізде " Рухани жаңғыру " (рухани ағарту) қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу кешендік бағдарламасы енгізілді.

Дер кезінде ұсынылған " Рухани жаңғыру " бағдарламасы: "Атамекен", "Тәрбие және білім", "Рухани қазына" және "Ақпарат толқыны" төрт базалық кіші бағдарламалар бойынша іске асырылатын алты: "Туған жер", "Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы", "Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет»", "100 жаңа оқулық ", "Қақазақ тілін латын графикасына ауыстыру" , "100 жаңа есім" тәрізді арнайы жобаларадан құралған.

Президенттің "Рухани жаңғыру" – болашаққа көзқарас" бағдарламалық мақаласының басты мақсаты - рухани және мәдени құндылықтарды сақтау және молайту. Патриотизм сезімін қалыптастыру бойынша жұмыстар қоғамдық сананы жаңғырту бағыттарының бірі болып табылады. Патриотизм өз еліне, жеріне, шағын Отанына деген сүйіспеншіліктен басталады.

Мектепте жобаны жүзеге асыру әр түрлі бағытта жүргізіледі:

I бағыт: «Мен және менің жанұям»

Бұл бағыттың негізгі мазмұны — қызы, ұлы, ағасы, қарындасы, зайыбы, әйелі, туысқаны тәрізді әлеуметтік рөлдерді орындауға дайындау.

Балалар өздерінің отбасылық салтын білуі тиіс. Өз жақын-туыстарын сүюі және құрметтеуі керек. Өзінің шежіресін біліп, оны құрастыра ала білуі тиіс. «Ру», «жанұя», «шежіре» сөздерінің мәнін түсінуі, отбасылық альбом құрастыра білуі керек. Өзінің жақындары, туыстары туралы айта білуі керек.

II бағыт: «Мен және менің мектебім»

Бұл қызметтің негізгі мазмұны — тәрбиеленушінің мектеп – екінші отбасы екенін саналы түрде түсінуі. Мектепке деген сүйіспеншілікке баулу. Мектептің тарихымен, оның дәстүрімен таныстыру. Оқушылардың бойында өз мектебі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру. Өзінің мектеп ұжымының құрамында екенін дұрыс түсініп, ұжым ішінде жолдастық және достық атмосферасын құру. Мектеп ережелерін білу және оларды орындау.

III бағыт: «Кіші Отан»

Қазақ халқының тарихы, салт-дәстүрі туралы білімдерін тереңдетуді көздейді. патриотизмді, елінің өткені мен бүгініне құрметпен, қамқорлықпен қарау.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы - өз елінің тарихын құрметтеуші, гүлденген болашаққа нық қадам басушы жаңа формация жас ұрпақтарының дамудағы ашық траекториясы.

Просмотров: 514


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст