«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Еліміздің келешегімен байланысты ауқымды мүмкіндіктер

26.01.2018

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсултан Әбішұлы Назарбаевтың «Төртінші өндірістік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»Жолдауы - барлық қазақстандықтар үшін тағдыршешті құжат болып табылады, оның мазмұнында Елбасы еліміздің жаңа әлемдегі көшбасшы елдер қатарына құлшыныспен ену мүмкіндігіне беретін 10 негізгі басымдылықтарды айқындады.

Негізгі міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған жұмыс еліміздің жаңа әлем - Төртінші өндірістік революция әлемінде бағыт алу мен бейімделуіне жаңа күш беретіні анық. Елбасының көптеген әлеуметтік-экономикалық мәселелерге прогрессивті көзқарасы Қазақстанның келешектегі потенциалын ашуға бағытталған. Директордың жанындағы кеңес барысында Елбасының Жолдауымен баяндама жасай отырып тарих мұғалімі Балекбаева Айгуль Аманажолқызы бағдарламалық құжатта көрсетілген мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарына тоқталды.

Президент Жолдауын зерттеу бойынша кеңесті мектеп директоры Чуркина Т.А.: «Цифрлық технологиялар негізінде жаңа қуат көздерін, жаңа индустриялар құру, аграрлық секторды дайын өнімдер шығаруға қайта бағыттау, аса жоғары деңгейдегі денсаулық сақтау, сапалы білім қазақстандық жаңғыру триадасы - ел келешегінің мықты негізі. Барлығымыздың міндетіміз - уақыттың жаңа сындарына лайықты жауап беру және азаматтар мен еліміздің қамы үшін жаңа мүмкіндіктерді пайдалану» деп қорытындылады.

Просмотров: 639


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст