«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ертегі арқылы шынайылыққа»

23.01.2018

Өзін – өзі тану жолы – «мен мұнда, Жер бетінде не үшін жүрмін, не істеп жүрмін, не үшін және неліктен, МЕН кіммін?» деген тәрізді толып жатқан сұрақтарға өмір бойы жауап табуға ниеттенетін әр адамның өміріндегі ең қиын әрі ең маңызды жол болып табылады. Осы орайда мұғалім балаға өзінің «мен» деген ойын нақтылауға, өз-өзіне жол таба білуге баулиды. №1 ОМ «Духовно – нравственное воспитание личности в условиях обновления среднего образования» тақырыбында өткен облыстық семинарға қатысушылар да осы сұрақтарға жауап табуға тырысты.

№1 ОМ бастауыш сынып мұғалімдері: Маркелова Валентина Александровнамен 1 «Б» сыныпта: «Идём дорогою добра», Батченко Ольга Николаевнамен 2 «В» сыныпта: «Последовательности фигур» тақырыбына математика мен өзін-өзі танудан кіріктірілген сабақтар асқан шеберлікпен өткізілді. Семинарға қатысушылар бастауыш сынып мұғалімі Альбрехт Тамара Радионовна дайындаған «Через сказку к истине» айдарындағы мастер-класқа қатысты. Ертегіге әр қайсысы қатысып, ертегі кейіпкерлерінің рөлдерін орындады. Бұл мастер – кластың мақсаты: Ертегі және оның кейіпкерлері арқылы шынайылықты анықтау, педагогтарға арналған көрнекі тәжірибелік жұмыс, халық фольклорымен жасау түрлерін көрсету болды. Қатысқан педагогтар қойылым барысындағы барлық кейіпкерлердің іс әрекетерінде көрініс тапқан «мейірімділік» атты құндылықтың бағасын, жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында пәнді оқыту барысындағы басты, әрі дұрыс бағытты анықтады.

Просмотров: 879


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст