«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Современные критерии «новизны» деятельности педагогов» тақырыбындағы педагогикалық кеңес

03.01.2018

« № 1 орта мектебі» КММ жұмыс жоспарына сәйкес «Современные критерии «новизны» деятельности педагогов» тақырыбындағы педагогикалық кеңес өткізілді.

Күн тәртібінде бірнеше мәселені қарау көзделді.

Желілік қауымдастық дегеніміз – бір-бірімен іскери қарым - қатынаста болып, қолдау көрсетуші, бірлесіп қызмет жасаушы, адамдар тобы Мектепте желілік қауымдастық жұмысы жүргізіледі, бұл туралы тарих мұғалімі Балекбаева А.А. айтып берді. Қауымдастықтың мақсаты: оқушылардың білім сапасын және мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін арттыру үшін түрлі қызметтерге Жеті модульдіенгізу арқылы мектеп тәжірибесін жетілдіру. Қауымдастыққа қатысушылар түрлі жұмыстар жүргізеді, әріптестері алдында коучингтер өткізеді, тәжірибе бөліседі, тиісті құжаттарды ресімдейді, ақпарат алмасу үшін деректер базасын құрады.

Осы жұмыстар бойынша деңгейлік курстардан өткен пән мұғалімдері сөйледі. Мұғалімдер Токтарова Г.К., Кравченко О.В. онлайн-конференцияға қатысты. Токтарова Г.К., Кравченко О.В., Якубович Е.А. Садовая НМде қауымдастық шеңберінде «Lessonstudy» тақырыбына коучинг өткізді.

Оқушыларды сабақта заманауи бағалау қазіргі күні басқаша қарастырылатыны туралы бастауыш сынып мұғалімі Батченко О.Н. «Компетентностный подход к системе оценивания в рамках обновленного содержания образования» атты баяндамасында кеңінен айтып берді. Өз сөзінде Ольга Николаевна заманауи бағалаудың негізгі сәттеріне тоқталды. Құзыреттілік – тиісті, сәйкесінше, сәйкес дәрежеде болу. Осы ұғымдардың бәрі оқушыны бағалау кезінде ескеріледі. Сабақтың мақсаты, бағалау критерийлері баға, өзіндік бағалау, өзара оқыту – осының бәрі сабақтағы маңызды сәттер. Сабақта кері байланыс орнату өте тиімді, бұл - бағалау парағы, қорытынды ұсыныс техникасы. Мұғалім, оқушы, ата-ана оқыту кезіндегі ең басты жиынтық болып табылады.

Келесі мәселе бойынша әдістемелік бірлестік басшылары сөз алды. Әр сөйлеуші өз бірлестігіндегі пән мұғалімдерінң жұмыстарын жарнамалады. ӘБ жұмыстары жоспарға сай атқарылады. Нашар оқушылармен жұмыстар жүргізіледі. Әр сабақта жүйелілік байқалады, жеке жұмыстар, карточкамен жұмыс, жұппен жұмыс, жауапты таңдауға байланысты тапсырмалар, өзара көмек, сабақтан тыс уақыттағы сабақтар өткізіледі.

Мектептің жұмыс жоспарына сәйкес пәндік онкүндіктер өткізілді. Мектеп алдындағы сыныптардың онкүндігі бойынша ӘБ жетекшісі Жеребкова Л.В. сөз алды. Жоспарланған барлық шаралар уақытында өткізілді. Қазақ тілі және әдебиеті мұғалімдері ӘБ жетекшісі Бакиянова К.К. пәндік онкүндіктің нәтижесі жайлы айтты. Мұғалімдермен ашық сабақтар, сыныптан тыс шаралар өткізілгенін айтты. Содан кейін факультативтер мен қолданбалы курстарды жүргізетін пән мұғалімдерінің сөздері тыңдалды. Әр мұғалімнің жұмыс жоспары бар. Бұл сабақтар оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді, оқушылардың білім қорын байытады, мектеп бітірушілерге ҰБТ-дайындалуға көмектеседі.

Просмотров: 471


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст