Текст
Бүгін 2023 жылдың 13 мамырында N1 жалпы білім беретін мектепте «9 ай – 9 іс шара» жобасы аясында «Жасыл мекен» челленджі өтті. «Жасыл мекен» челленджі оқушыларды экологиялық мәдениеттілікке, табиғат пен қоршаған ортаға құрметпен қарауға, еңбексүйгіштікке, қоршаған ортаны көгалдандыруға тәрбиелеуге бағытталған. Көшеттерді отырғызу балаларда қоршаған ортаға, айналасындағы адамдарға деген қамқорлық сезімін дамытуға әкеледі. Бұл челлендждің мақсаты
– оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, еңбексүйгіштікке баулу. Челленджге 9,10,11 сынып оқушылары, мектеп әкімшілігі, мұғалімдер және Атбасар қаласының әкімі Исмаилов М.Е. қатысты.