31.01.2020
Шетел тілін оқытудағы негізгі мақсат - коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін педагогтарға оқушылардың бірі-бірімен оқытылатын шет тілінде мотивациялы қарым-қатынаста болу жағдайларын орнату керек. Қарым-қатынас үдерісі дегеніміз оқушылар арасындағы ақпарат алмасу және сөйлесіп отырған адамды түсінуден тұратын бірлескен қызмет барысындағы оқушылардың өзара байланыста болуы. Коммуникативтік құзыреттілікті дамыту сәттеріне ойын жарыстар жатады. Ойын-жарыстар шет тілдерді үйренуге ынталандырады, жарыс болғасын жеңіге құлшыныс пен жеңімпаз болуы анық, ендеше бұндай шаралар алға қойған мақсатқа қол жеткізуге жетелеп, оқушыларды тіл үйренуге ынталандырады.
Шетел тілдерінің апталығы шеңберінде 7 «А» сыныпта ағылшын тілі мұғалімдері Нурманова А.Н. мен Алифёркина Е.Б. қйымдастырылған «Englishforus» - «Английский для нас» атты ойын-жарыс өткізілді.ойын алты раундтан: сәлемдесу, Англия туралы презентация, ағылшын тілінде поэма оқу, мақалдар айту, тілдік және грамматикалық дағдыларлды тексеру жұмыстары жүргізілді. Шара соңында қатысушарды қазылар алқасы бағалады, жүлделі орын иеленген жеңімпаздар анықталды.
Гишлеркаев И.И.