31.01.2020
30 қаңтар 2020 ж.. №1Омке гинеколог - дәрігер – Өтепқали Г.К. келді. Ол жеткіншек қыздармен «Ерте жүктілік» бойынша әңгіме өткізді. Аталған шараға 8 -11 сыныптардың қыздары қатысты. Ерте жүктілік –бұл заманауи қоғамдағы медициналық психологиялық және өткір әлеуметтік проблема болып отыр.
Бұл жағдай неліктен орын алады? Ерте жүктілік пен ерте жастан жыныстық қатыансқа түсудің қандай қаупі бар, жалпы ерте жастағы жүктіліктің алдын қалайша алуға болады, жүктілік орын алғанда не істеу керек деген сұрақтарға жауап берілді. Жеткіншек жүктілігінің проблемасы әдетте, бірнеше себептерге байланысты орын алады сондықтан қандай да бір белгіленген түрін бөліп-жарып айту сирек болады.
Жеткіншектер арасындағы жүктілік себептерінің атауы:
1. Жеткіншектер арасындағы жыныстық тәрбиенің болмауы
2. Сексуалдық тәртіпсіздік.
3. Зорлау
4. Жоспарлы жүктілік
5. Контрацептивтер туралы білімнің болмауы
6. Экономикалық себептер
Ерте жүктілік белгілеу бойынша, 18 жасқа келмеген қыздар арасында болады, сондықтан, оны жеткіншектер жүктілігі дейді. Дегенмен, ерте жүктіліктің проблемасы аталған жағдайда, әлеуметтік емес, яғни, бала бойына біткен кезде қыздың кәмелет жасына толмауында емес, бұл арада ерте жүктілік проблемасы аса бекімеген қыз бала ағзасыжәне болашақ сәби үшін қауптілігінде болып тұр.
Адамның ағзасы әр түрлі жылдамдық пен ерекшелікте дамитындықтан ерте жүктіліктің нақты жасын атау мүмкін емес. Көптеген қыздар ағза жас болса, бала көтеруге қабылетті деп есептейді, бұл қате пікір.
Шынайы өмірде –жеткіншек көптеген проблемаларға кезігеді. Әлі бекімеген ағза үшін жүктілік – көптеген ушығуларға соқтыратын үлкен ауыртпалық әкелуі мүмкін.