«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңа жылға жаңа жетістіктермен

26.12.2017

Міне, екінші тоқсан да аяқталып келеді. Әр ата-ананы оның баласы екінші тоқсанды қалай аяқтайды, оқу үдерісі кезінде қандай қиыншылықтар туындады, ол проблемаларды шешу үшін дұрыс жолды қалай табуға болады деген ой толғандырады. Осы мақсатпен екінші сыныптарда екініші тоқсан қорытындысы бойынша оқушылардың оқу үлгерімі мәселесі күн тәртібінің басты мәселесі болған ата-аналар жиналыстары өткізілді. Сынып жетекшілері ата-аналарды тоқсан қорытындысы бойынша балалардың оқу үлгерімдерімен таныстырды. Ата-аналар бағалау критерийлері бойынша өз балаларының мүмкіндіктерімен танысты. Олар оқушылардың өз білім, білік, дағдыларын бағалайтын «Светофор» белгілік карточкаларын пайдалана отырып бағалау жағдайын шынайы білді. Сөйтіп, олар өз баласының оқу жетістігіне кері әсер еткен әрекеттермен, оның нәтижесін өз көзімен көрді. Бұл тәсіл мұғалімге орын алған жағдайды өздігінен бағалауға және оны шешу тәсілдерін өздігінен анықтау мүмкіндігін береді.

Жиналысқа қазақ тілі мұғалімі Самиғат Ақжарқын, Жакупова Махабат Имангалиевналар қатысты. Ата-аналардың назарына жаңарған білім беру бағдарламасы шеңберіндегі бағалау критерийлері ұсынылды. Ата-аналар өздерін қызықтырған мәселелер бойынша сұрақтарға жауап алды, оқушылардың оқу қиындықтарын жеңу бойынша ұсыныстар алды.

Просмотров: 439


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст