«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Арманға апаратын өз жолын ашу

20.12.2017

Әр елдің гүлденуі оның мамандарының біліктілігіне байланысты екені әрине, даусыз.

Бүгінгі заманның мектептері алдына: экономиканы, әлеуметтік саланы жаңа формация талабына сай, уақыт үндеуіне ілесіп, кез келген жағдайға жауап таба алатын жоғары білікті мандармен қамтамасыз ету тәрізді жоғары жауапкершілік, биік мақсат-міндеттер тартылуда.

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті "Атбасар қаласы №1 ОМ» КММ түлектерімен кездесу ұйымдастырды.

«Учет и управление» кафедрасы меңгерушісі, экономикалық ғылым кандидаты Баимбетов М.К., Назарова О.И., кафедра доценті 11 сынып оқушыларын бакалавриат білімдік бағдарламаларының қызметі жайлы таныстырды. Унииверситет өкілдері өз оқу орындары туралы келесі ақпаратты ұсынды: «А.Мырзахметов атындағы университет - Көкшетау қаласындағы оқу меккемелері ішіндегі студенттер саны, оқыту мамандықтары, үдемелі дамып келе жатқан материалдық-техникалық базасы, оқытушылар және профессорлық-оқытушылық құрам сапасы бойынша ең ірі ЖОО ның бірі. Университет білім сапасы, оықту-тәрбиелеу, студенттердің бос уақытын ұйымдастыру, түлектерді еңбекке орнықтыру жағынан республика көлемінде жоғары рейтингке ие. Бұнда мемлекеттік гранттар мен ақылы негізде білім алуға болады.». Әскери кафедра қызметі жайында денешынықтыру және оқ дайындық оқытушысы Ракишев К.А. таныстырды. Университет өкілдері мектеп директоры Чуркина Татьяна Александровнаға жылы қабылдағаны үшін алғыстарын білдірді.

Тек үнемі дамушы университет қана жастар алдына жоғары талап қойып, жастарды келешек мамандығына сапалы дайындап, арманға апаратын өз жолын анықтап бере алады.

Просмотров: 482


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст