«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құрметі оқушылар, ата-аналар, әріптестер!

15.12.2017

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні - мемлекетіміздің тәуелсіздік пен егемендік алу тарихында ерекше орын алатын ең басты ұлттық мереке. Тәуелсіздік - бізге өз тағдырымызды өздігімізден анықтауға мүмкіндік беретін мығым да, бағалы құндылық. Егемендік бізден лайықты өмір сүру құқығымызды қорғай отырып, осы үшін күресуді талап етеді.

Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халқына жолдаған "Қазақстан-2050" Жолдауында республикамыздың әлемдегі ең мықты дамыған отыз елдің қатарына енудегі саяси бағытын айқындап берді. Бұл бағыт Қазақстанның келешек ұрпағына стратегиялық бағдар беріп, біздің халқымыздың келешек жолын айқындаудағы шамшырағы болып отыр. Бүгінгі күні біздің алдымызда «Нұрлы жол - Путь в будущее» жолдауымен белгіленген нақты міндеттер тұр. Президентіміздің "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" Стратегиялық бағдарламасы экономиканы, саясатты, қоғамды және ең алғашқы кезекте Қазақстан азаматтарының санасын ауқымды жаңғыртуға бағытталған.

Бүгін, мемлекетіміз Президентінің стратегиялық көрегендігі, терең ойластырылған саясаты арқасында Қазақстан халықаралық аренада танымал болып, әлемдік экономикалық жүйелер арасында лайықты орынды иеленіп отыр. Бұған жазда Астана қаласында «ЭКСПО - 2017» халықаралық көрмесінің кең - ауқымды түрде өткені куә.

Біздің еліміз дүниежүзіне әйгілі болуға қол жеткізді және келешекте де осыған қол жеткізе бермекші, ол үшін әрқайсымыз мемлекетіміздің гүлденуі жолына бар күшімізді аямай, өзіндік үлес қосуға тиіспіз.

Бүгінде еркіндік, жетістік пен жеңіс рухын бойына сіңірген, өздерінің шығармашылық, зияткерлік жетістіктерімен, қайырымды істерімен Атбасар ауданының, Ақмола облысының, біздің Қазақстанымыздың атын шығарып, даңқын асырып жүрген жаңа ұрпақ өсіп келеді!

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймын. Жыл сайын бұл мереке баршаңызға шабыт сыйлап, жарқын болашағымызға деген пен сенімділігімізді жыл сайын арттырса екен дегім келеді. Сіздердің отбасыларыңызда тыныштық пен келісім орнасын, баршаңызға мықты денсаулық, бақыт, береке тілеймін.

№1 орта мектебінің директоры Т.Чуркина

Просмотров: 474


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст