«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Атбасар ауданы білім бөлімінің Атбасар қаласы №1 орта мектебі» КММ де 2017 - 2018 оқу жылында бастауыш сыныптар онкүндігін өткізу бойынша есеп

13.12.2017

20 - 30 қараша аралығында: «Знания и умения всегда найдут применение!» айдарымен ұйымдастырылған бастауыш сыныптар онкүндігі табысты өткізілді. Ол оқушылардың сабақтағы және сабақтын тыс қызметтерін ұйымдастырудағы заманауи тұрғыларға арналды.

Бастауыш сыныптар онкүндігін өткізудің басты мақсаты: заманауи технологияларды пайдалана отырып бастауыш сынып оқушыларының белснідлікітерін арттыру, білім алуға ынталандыру.

Міндеттері - оқушыларды тапсырмалар орындау кезінде өзіндік шығармашылық қызметке жұмылдыру;

- шығармашылық қабілеті бар оқушыларды анықтау, шығармашыл білім алушыларды аудандық шығармашылық конкурстарға қатыстыру;

- оқушылардың ақпараттық - коммуникативтік құзыреттілігін дамытуды жалғастыру.

Бірінші күні дәстүрлі түрде салтанатты жиында онкүндіктің ашылуы болды. Бұл шара 3 «В» сынып оқушыларының күшімен бастауыш сыныптан МӘБ жетекшісі Писклова С.Н. - ң басшылығымен өткізілді.

Бастауыш сынып мұғалімі Рыбинская М.П. мектеп фойесінде орыс тілі, математика, дүние тану, әдебиеттік оқу пәндері бойынша бастауыш сыныптардың оқушыларына арналған қызықты ақпараттар орналастырылған стенд безендірді. Оқушылар ондағы тапсырмаларды күнде үлкен үзіліс кезінде қызыға қарап, орындап отырды. Бастауыш сыныптардың онкүндігі оқушылардың әлеуетін ашуға ықпал етті. Мұғалімдердің бәрі жақсы ұйымдастырушылық қабілет көрсетіп, оқушылар шараларға қызыға қатысты, мерекелік атмосфера орнады. Оқушылар пәндер бойынша жақсы білім көрсетті, білім-біліктерін түрі жағдайларда пайдалана алатынын, кез келген сәтте өзара көмекке келетінін, қандай да қисынсыз мәселенің оң шешімін таба білетінін көрсетті.

21 қараша күні 2 «А» сыныпта: «Сложение и вычитание двузначных чисел. Спортивное поле на школьном дворе» тақырыбына математикадан ашық сабақ өткізілді. Мұғалім Маркер Л.М. сабақты оқушылардың көңіл күйін жұмысқа бағыттаушы өлеңмен бастады. Балалар сұрақтарға дұрыс жауап беру барысында ізденіске, білімдардыққа деген құлшыныстары көрсетті. Олар тапсырмаларды жеңіл орындап, дәстүрден тыс ойлау, логикалық талқылай білу қабілетін, демонстрациялады. 22 қараша күні бастауыш сыныптардың онкүндігі шеңберінде: «Поговорим о дружбе и друзьях» Кругова Е.В. ұйымдастыруымен суреттер көрмесі өткізілді. Көрмеге қатысушы 1-ші және 2-ші сыныптардың оқушылары өз жұмыстарында адамдар мен жануарлардың достығын суреттеді.

Осы күні 2 «В» сыныпта мұғалім Батченко Ольга Николаевна орыс тілінен «Суффикс» тақырыбына ашық сабақ өткізді. «Эврика» тәсілі арқылы сабақтың тақырыбы анықталып, оның нақты мақсаты мен міндеттері қойылды. Сабақ қызықты, мазмұнды, танымдық бағытта болып, барлық сөйлеу құзыреттіліктерін дамытуды көздеді. 24 қараша күні біздің мектебімізде: «Реализация обновлённого содержания образования в организации учебно-воспитательного процесса на начальной ступени обучения» тақырыбындағы тәжірибелік семинар өткізілді. Семинар шеңберінде ашық сабақтар, сыныптан тыс шалара мастер-класстар өткізілді.

Бастауыш сынып мұғалімі Чернова И.Р. - еңбек өтілі 15 жыл, 1ші санат беру, 3 «Б» сыныпта дүниетанудан «Воздух. Свойства воздуха» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқу материалының мазмұны саабақ мақсатына сәйкес келді сабақта: сөйлесу, көрнекілік, тәжірибелік әдістер қолданылды. Өмірмен, тәжірибелік қызметпен байланыс болды. Оқыту барысында оқушылардың белсенділік деңгейін арттыруға бағытталған алуан түрлі әдістер қолданылды, АКТ-құзыреттілік қалыптастырылды. Мұғалімнің сабақта сан түрлі әдістемелерді пайдалануы сабақтың мақсатына қол жеткізуге себін тигізді.

Маркелова В.А, бастауыш сынып мұғалімі, еңбек өтілі 13 жыл, 1-ші санат беру, 1 «Б» сыныпта математикадан «Сравнение двузначных чисел» тақырыбы бойынша сабақ берді. Оқушылардың жұмыс қабілеттілігі сабақ бойы көрініп, жеке тұлға бағыитты оқыту қызметі, сауатты таңдаған тапсырмалар арқылы іске асырылды. Балалар өте белсенді, өзіндік жұмыс жасай алады, өздерінің пікірлері мен көзқарастарын дәлелдей алады. Сабақ соңында рефлексия өткізілді. Валентина Александровна әр оқушы үшін оны келешекте танымдық қызметке белсенді ынталандырып, желейтін жетістік сәтін құра білді.

Сонымен қатар, Чернова И.Р. мен Маркелова В.А. семинарға қатысушы қонақтарды ҚР арналған сыныптан тыс шараға шақырды, оның барысында өзіндік жаңалықтар аша білуге қарым-қабылеті бар белсенді тұлға қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Дөңгелек үстел отырысы жемісті өтті. Позднякова Т.В. оқушылардың білімін бағалау қазіргі күні дәстүрлі бағалаумен сәйкеспейтіні, білім мазмұнын жаңғырту талабына сәйкес бүгінгіт күнгі заманауи бағалау мәселесіне ерекше назар аударды. Бағалау жүйесі, оның реті мен талабы туралы «Стратегия модернизации структуры и содержания общего образования» құжатында кеңінен айтылған. Тапсырмаларды орындау кезінде мұғалімдер сабақ үдерісі кезінде бағалаудың маңыздылығын және оның оқу үдерісінің жемісті болуына қаншалықты әсер ететінін түсінді. Мұғалімдер бастауыштың оқушысын білім тауып, оны дұрыс пайдалана білуге үйрету керек деген ортақ ойға келді. Семинар мақсатына жетті. Қатысушылар семинардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және аттестатталушы педагогтардың кәсіби шеберліктерінің жоғарылығын ерекше атап өтті.

27.11. Нурмагамбетова И.Г. 4 «А» сыныпта орыс тілінен: «Роль имени прилагательного в речи» тақырыбындағы ашық сабағына шақырды. Мұғалім сабағын тапсырмаларды орындау, өз ойларын дәлелдеу кезінде оқушылардың шығармашылық пен шеберлік көрсетуіне бағыттап ұтымды ойластырып, нақты құрған.сабақ бойы жақсы әріптестік байқалып тұрды, оқушының - оқушыны, мұғалімнің - оқушыны тыңдай білу қабілетіне назар аударылды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру щшеңберінде 28 қараша күні 1 «А» және 1 «Б» сыныптарда «Алдар Көсе и Хитрый Бай» театрландырылған көрінісі қойылды. Бұл көріністі қою үшін барлық жағдай жасалып, сахналық образдар мен костюмдер қолданылды. Балалар нағыз артистерше өнер көрсетуге құлшынып, өздерінің рөлдерін тартымды орындауға тырысты, ақпараттық ортаны дұрыс көре білу, көпшілік алдында өздерін ұстай білу, жауапкершілік, мақсаткерлік, шығармашылық қабілет танытты.

Осы күні үшінші және төртінші сынып оқушылары арасында "Мой Казахстан!» атты мәнерлеп оқу конкурсы өткізілді, аталған шараны Писклова С.Н. дайындап, өткізді. Конкурсты 3 «В» сынып оқушысы Толеубаева Аружан, Токаев Назар жүргізді; Алдар Көсе (Молдыбаев Амирхан) мен хан Асылбек (Балтабаев Мансур) қатысуымен театраландырылған көрініс қойылды. Олар өздерінің рөлін тамаша ойнап шықты., интересно и по-разному представляя участников. Өлеңдерді мәнерлеп оқу арқылы отанға елге деген сүйіспеншіліктерін көрсете білді. Алиева Мальвина - 3 «В» сынып, «Лучший чтец года» номинациясында жеңімпаз атанды; Махмудова Мата - 3 «В», Коваленко Алина - 4 «А» бірінші орын алды.

29 қараша күні мұғалім Смагулова Г.К. 4 «Б» сыныпта: «М. Бородицкая «Ореховый гном» Б. Заходер «Как тюлень стал тюленем» тақырыбына әдебиеттік оқудан ашық сабақ өткізді.

Сабақты сын тұрғысынан ойлау стратегиясы қолданылды. Сын тұрғысынан ойлау тұлғаның бойында коммуникативтілікті, креативтілікті, мобильділік, дербестікті, толеранттілікті қалыптастырумен қатар, өз таңдауы мен өз қызметінің нәтижесі үшін жауапкершілікті қалыптастырады. Денсаулық сақтаушы технологиялар элементтері белсенді пайдаланылды. Критериалды бағалау элементтері оқушылардың өз-өздерін бағалауға ықпал болды. Сабақтың мазмұны мәнді, тығыздығы жоғары болып, мақсатына жетті.

2 «Б» сыныпта дүниетанудан: «Наш класс» ашық сабақ өтті, мұғалім Альбрехт Т.Р. Сабақ әдістемелік тұрғыдан дұрыс құрылып, белгіленген уақыт шеңберінде өтті. Сабақтың мақсат-міндеттері нақты қойылған, оқушыны өнімді жұмыс жасауға бағыттауды көздеп құрылған. Дифференцивтік бағыттағы тұрғылар мен қызметтер арқылы танымдық қызметтер ұйымдастырылды, бұл болсма әр оқушының оқу қызметіне деген қызығушылық атмосферасын орнатты.

30 қараша күні Ларионова Т.В. 4 сыныпта «В» «Казахстан - многонациональная страна» атты сыныптан тыс шара өткізді. Оның барысында: әңгімелесу, мақал-мәтелдер құрастыру, ойындар, викториналар тәрізді түрлі жұмыстар жүргізілді.Мерекеде оқушылар Қазақстандағы маңызды оқиғалар туралы айтып берді, өздерінің патриоттік рухын, Отанға деген сенімділігін көрсетті. Сонымен қатар, онкүндік барысында «Лучшая тетрадь», «Лучший дневник», «Лучший чтец» конкурстары өткізілді. Конкурс нәтижелері кейбір оқушылардың каллиграфиясы мен жұмыстарды безендірудегі ұқыптылықтарын қадағалау керектігін байқатты; оқуға көп көңіл бөлу керек. «Қыста құстарды тамақтандыр! - «Покормите птиц зимой» акциясы өткізілді. Акцияның мақсаты: құстардың қыста қыстап шығу мәселесіне оқушылар назарын аудару, қыстап қалатын құстарға арналған азық орын жасау, оны мектеп маңайына орналастыру. Оқушылар өздерінің ата-аналарымен аталған шараға қатысуда белсенділік танытты, 10-нан астам азық орын жасалды. Онкүндік барысында оқушылар көптеген қызықты ақпараттар алу мүмкіндігін иеленіп, дәстүрден тыс тапсырмаларды орындау кезінде бағдарламалық материалды білудің қаншалықты маңызды екенін түсінді. Онкүндік білім мен біліктің тамаша тартымды мерекеге ұласты. Оған оқушылар да, мұғалімдер де белсенді қатысты. Әр шараның соңында үздік оқушылар, үздік шаралар мен жұмыстар анықталды. Ең білгірлер, ең белсенділер грамоталармен марапатталды. Онкүндікті өткізу бағдарламасы оқушылардың ой қызметін арттыруды көздеп құрылған сан алуан бағыттағы сабақтардан, сыныптан тыс шаралардан, конкурстардан, викториналардан құралды. Онкүндіктің соңында «Что умеем не сказали, всё на пальцах показали!» айдарындағы салтанатты жиын өткізілді. Бастауыш сыныптардың онкүндігі оқушылардың әлеуетін ашуға ықпал етті. Мұғалімдердің бәрі жақсы ұйымдастырушылық қабілет көрсетіп, оқушылар шараларға қызыға қатысты, мерекелік атмосфера орнады. Оқушылар пәндер бойынша жақсы білім көрсетті, білім-біліктерін түрі жағдайларда пайдалана алатынын, кез келген сәтте өзара көмекке келетінін, қандай да қисынсыз мәселенің оң шешімін таба білетінін көрсетті.

Ұсыныстар:

1. Бастауыш сыныптардың онкүндігін өткізу нәтижесі бойынша әдістемелік бюллетень шығару. Жауапты: ӘБ жетекшісі С.Н.Писклова

2.Ашық сабақтар мен сыныптан тыс шараларды өткізуге жауапты мұғалімдер әдістемелік журнал шығару үшін сабақтарының әзірлемелерін дайындау.

жауапты: бастауыш сынып мұғалімдері .

3. Бастауыш сынып оқушыларын іс шараларға барынша белсендірек жұмылдыру.

жауапты: бастауыш сынып мұғалімдері

4. Бастауыш сыныптардың онкүндігін өткізуге белсенді қатысқан бастауыш сынып мұғалімдерінің жұмыстарын атап көрсету.

Просмотров: 534


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст