2020 жылдың 3 ақпаны күні «Атбасар ауданы білім бөлімінің Атбасар қаласы №1 орта мектебі» КММ 9-11 сынып оқушылары арасында діни деструктивтік ағымдардың зияны туралы дәріс оқылды. Бұл тақырыппен азаншы Сулейменов Райымбек Кадырбаевич пен Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы кофессияаралық қатынастарды сараптау және дамыту орталығының Мамадалиев Мадияр Болатұлы таныстырды. Діни бірлестіктер мемлекеттен бөлінген және заң алдында бірдей екені аталып өтілді. Қазақстан Республикасының Конституциясы әр азаматтың, оның діни наным-сеніміне қарамай, бас бостандығын, ар-намыс және діни еркіндігін растайды, әр адамның құқықтық теңдігіне кепілдік береді. Мадияр Болатұлы адамдардың рухани, психикалық және физикалық саулығын бұзуды көздейтін діни идеологияны насихаттаушы діни деструктивтік діни ұйымдар туралы айтты. Адамдардың ДДҰ түсу себептері: шындықты, түсіністік пен шынайы қарым-қатынастарды, түрлі проблемаларды шешу және жұбану жолдарын іздеу . Әлеуметтік желілер арқылы деструктивтік діни ұйымдарға тартудың түріл әдістері мен жолдары бар екенін айтты. Оқушыларға: діни мәселелер бойынша ақпараттарды тек нақты және ресми көздерден алу, өзің және отбасыларың туралы ақпараттарды әлдеуметтік желілерге, интернетке толық жарияламау, зорлық –зомбылық, рассалық, ұлттық, діни ушықтыру белгілерін тудыратын сайттарға, топтарға және әлеуметтік желілердің беттеріне кірмеу тцралы кеңес алды.