«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Отбасы мен мектеп - балаларды оқыту және тәрбиелеудегі әріптестер" тақырыбындағы ата-аналар жиналысы өтті

25.11.2017

10 қараша күні  №1 ОМте:  «Семья и школа – партнёры в обучении и воспитании детей» тақырыбындағы кезекті жалпымектептік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа сыныптық  ата-аналар комитеттерінің төрайымдары, ата-аналар қауымдастығы қатысты.

2017-2018 оқу жылының 1 ші тоқсандағы оқу қорытындысы және ҚР білім беру мазмұныны жаңғырту жағдайындағы оқыту ерекшеліктері туралы бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің меңгерушісі Позднякова Т.В. сөз алды. Қазақстан Республикасы жаңаша даму кезеңінде тұр. Нарықтық экономиканың дамуы жоғары білікті әрі динамикалық жан-жақты дамыған адамдар ресурсын  талап етеді, ендеше білім сапасына да үлкен талап қойылыуы бүгінгі заман талабы. Осы жағдайда білім беру жүйесі мен мектептің бағыт-бағдары түбегейлі өзгеруі тиіс.  2017-2018 оқу жылынан бастап  1, 2, 5 және  7 сыныптардың оқушлары жаңа бағдарламамен оқуға көшті. Бірінші тосқан қорытындысы нәтижесінде білім сапасы  – 42% құрайды.

  1, 2, 5 және 7-ші сыныптардағы фрормативтік бағалау туралы бастауыш сынып мұғалімі Макажанова К.Г мен Батченко О.Н. таныстырды. Оқушыларды оқыту тек білім алуға ғана емес, сонымен қатар оларды жан-жақты дамытуға бағытталған. Бұл арада баланың қаншалықты дамып жатқанын және қандай қиыншылықтарға кез боп жатқанын білу маңызды, оның бәрі мектептік бағалау кезінде анықталады. Сондықтан да, оқушыны дамытуға, оның оқуға деген мотивациясын арттыруға бағытталған  сын тұрғысынан бағалау жүйесі енгізілуде. Ол

үшін әр ата-анаға, оқушыға түсінікті болатын бағалау өлшемдері белгіленген. Нақты белгіленген бағалау критерийлері арқасында ата-аналар балаларын оқытуда қандай жағдайға назар аудару, не нәрсеге құлшыныс таныту керектігін және қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін қалай көмектесуге болатын байқап, болжайды.

Кәмелетке толмағандар арсындағы қылмыскерліктің алдын алу мәселесі бойынша Атбасар АІІБ инспекторы  Исабеков М.У. сөз алып ат-аналардың назарын статистикалық деректер негізінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтарға аударды.

Кәмелетке толмағандар арасындағы балалар жарақаттануы туралы бастауыш сынып мұғалімі  Маркелова В.А. сөйледі. Балалар эжарақаттануы - барлық қоғамның проблемасы. Балаларды жол бойындағы тәртіп ережелеріне ерте жастан бастап баулу керек. Ыстық тамақтандыруды ұйымдастыру және жеткіншектер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу мәселесі бойынша мектеп медбикесі Светличная Н.А. сөйледі.

Ыстық тамақ - әр адамның ағзасына маңызды, салуатты дұрыс тамақтану әр баланың денсаулығына пайдалы. Баланың дені сау болуы ата-ана үшін аса маңызды мәселе дей келоіп, баланығң дұрыс дамуы үшін ыстық тамақтандыруды ұйымдастыру керектігіне назар аударды. Дұрыс тамақтану, құнарлы тағамдарды пайдалану мәселесіне тоқталды.

Атбасар ауданаралық мамандандырылған көпбейінді аудандық ауруханасы психологы - Жаксылыкова Г.С.:  «Профилактика суицидального поведения среди несовершеннолетних» тақырыбында сөз алды. Суцид жағдайлардың көбі жеткіншектермен жасалады, оның алдын алу үшін білім беру ұйымы да ата-аналар тарапынан балаға оның проблемасын шешуде уақтылы көмек көрсетілуі тиіс.

Жиналыс соңында мектеп директоры Чуркина Т.А. Қорғаншылық Кеңесін құру мәселесі жайлы сөз алды. Ол жиналғандарды аталған кеңесті құру әртібімен және ұсыныстармен таныстырды. Мектепте Қорғаншылық Кеңесін ұйымдастыру ата-аналдар қауымдастығына мектеп өміріне белсене қатысу мүмкіндігін береді.

Просмотров: 499


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст