«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Табысты бейімделу. Ата-аналарға кеңес.

25.11.2017

Бейімделу – ағзаның жаңа орта жағдайына үйренісудің күрделі процессі.  

Көптеген балалар үшін балабақшаға келу - олардың өміріндегі ең алғашқы күшті стресс болып табылатындықтан, бейімделу қызу және азды көпті уақыт ішінде өтеді. Кейбір балалар бала бақшаға тез үйренісіп кетеді де тәртібі мен мінез-құлқында ешқандай өзгеріс болмайды.

Бала балабақшаға келген соң оның өмірінде жаңа күн тәртібімен қатар: қатаң күн тәртібі, 9 сағаттан артық уақыт ата-анасының назарынан тыс жерде болу, көптеген тылсым жаңалықты жасырып түрған жаңа үй-жай, мінез-құлқына басқаша талап қойылу, құрдастарымен үнемі қарым-қатынас, демек басқаша өмір, өзгеше қарым-қатынас тәрізді көптеген өзгерістер, оқиғалар болады.

Осы өзгерістердің бәрі балаға алдын ала дайындық болмаса, стресс жағдайын орнататын, түрлі жүйкелік әсер етіп, бір мезетте реакция беретін: еркелік, қорқыныш, тамақтан бас тарту, жиі сырқаттану, психикалық регрессия т.б. жайларға әкеледі.

Балабақшаға келген балалардың ұзақ бейімделуі қызу пікірталас тудырушы мәселе болып отыр. Осы орайда, бейімделудің келесі мерзімі белгіленуде 7 ден 10 күнге дейін, екі апта, бір ай, екі ай, жарты жыл, бір жыл. Бұл жерде баланың есеюіне қарай бейімделуді ұзарту даусыз заңдылық. Бала қаншалықты есейсе, бейімделу кезеңі де соншалықты ұзақ болады.

 Жоғарыда айтылғанның негізінде ата-аналарға айтарым:

- Өз балаңызды өздігінен киінуге, киіну-шешінуге, түбекке отыруға баулыңыз, памперске әуестік болмасын.

- Үйде де балабақшадағыдай күн режимін, ең болмағанда, баланың мектепке дейінгі мекемеге бейімделу кезеңінде сақтауға тырысыңыздар.

- Таңертең ата-аналарынан қалғысы келмейтін проблема болмау үшін балаңызды балабақшаға деген оң көзқарасқа баулыңыз.

- Балаңыздың сұрақтарынан қашқақтамаңыз, жауап беріңіз. Өзіңіз де әңгімеге тартыңыз. Жиі әңгімелесіңіз! Баланың бойында қызығушылықты оятыңыз! Сонда сіздің балаңыздың ақыл ойының дамуында, сөйлеуінде кемшіліктер болмайды.  

- Ең соңғысы: балаңыздың шанамен емес, анасының немесе әкесінің қолында емес, аздап болса да жаяу жүруіне назар аударыңыз!

Просмотров: 484


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст