«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Оқу үдерісі қызметінде кіші мектеп оқушыларының зияткерлік және ойлау қабілеттерін дамыту

24.11.2017

Оқушыны қызмет субьектісі ретінде тұлғаны дамыту білім берудің қазіргі күнгі келелі мәселесі болып тұр. Бұл мектеп ұжымында бастамашылық пен дербестік таныта отырып тез бейімделе алатын адамдарға қажеттіліктің бүгінгі күні артып отыруында.

Баланың тұлғасы кіші мектеп жасында қалыптасады. Барлық осы жаста қалыптасатын, психикалық көріністердің бәрі адамның келешек өміріне ауқымды ықпал ететін осы базистік ерекшелектермен байланысты..

Осының ішінде психикалық көріністер оқытудың табыстылығына көп ықпал етеді. Сондықтан қазіргі күні оқушыларға түрлі пәндер бойынша білім беретін мектеп алдында оқыту үдерісін оқушылардың ақыл ойын дамытуға ыпал ету міндеттерін тартып отыр.

Балалардың ақыл ой қабілеттері әу бастан-ақ сан алуан түрлі болады. Кіші мектеп оқушыларының логикалық ойлау деңгейі оларға нақты деректер мен фактілерді игеруге, алған білімдері мен тәжірибенің өз ара байланысын белгілеуге себін тигізетін негізгі заңдар мен байланыстарды оқу үдерісі барысында түсінуге көмектеседі. Бала өзінің барлық қыземті мен әрекеттерін ойлау арқылы іске асырады. Балаларды оқыта отырып, біз ең алғашқы кезекте баланың қоршаған ортаның әсерінсіз табиғи жолмен бірілген сипаттарын анықтап алуымыз керек.

Сондықтан қазіргі күні кіші мектеп оқушыларының ұжым ішіндегі, жеке қызметтегі шығармашылық қызметтермен байланысты оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту құралдары өзекті мәселеге айналып отыр.

Шығармашылық қабілеттерді табысты дамыту оның қалыптасуына ыөпал ететін белгілі жағдайлар жасаған уақытта ғана мүмкін.

Оқыту үдерісінде кіші мектеп оқушыларына арналған түрлі конкурстар мен викториналар аса маңызды. Олар оқушыларға өздерінің білімдері мен қабілеттерін тексеру және дамыту олардың зияткерлік қабілеттерін дамытудың басты құралы болып табылады.

Біздің мектебіміздің екінші сынып оқушылары халықаралық және республикалық: «Пони», «Русский медвежонок», «Человек и природа», «Юный каллиграф» зияткерлік конкурстарына белсене қатысады. Олар жеткен жетістіктермен тоқтап қалмай, жеңіске және алға қойған мақсаттарына сенімді, нық қадам басады.

Просмотров: 521


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст