04.02.2020
4 ақпан 2020 ж. шетел тілдері апталығы шеңберінде ағылшын тілі мұғалімі Гишлеркаев И.И, 3 «Б» сыныпта «My music» (Моя музыка ) тықырыбан ашық сабақ өткізді. Мұғалім ақпаратпен жұмыстардың сан түрін тиімді әрі сенімді пайдалана білді. Сабақта оқушылардың біртінделген өзіндік оқу және зияткерлік-танымдық қызметтер ұтымды ұйымдастырылды.
Сабақтың: қазақ халқының ұлттық аспаптарын зерделеуді көздеген мақсаты орындалды. Сабақ барысында оқушылар тыңдалым, сқйлеу, оқу және өзіндік жұмыс жасау білік-дағдыларын көрсетті, сонымен қатар, білім алушылар өздерінің алдыңғы сабақтарда алған білімдерін кеңінен көрсетті. Оқушылар жақсы тәртіптерімен, сауатты жауаптарымен, алдарына оқу мақсаттарын қоя білу, оларды тиімді шешу, өз назарларын қажетті түсініктерге шоғырландыра алатынымен сүйсіндірді. Тыңдалым үшін мұғалім өте қызықты бейне клип таңдаған. Оқушылар ол бойынша тапсырмалар орындады және мұғалімнің сұрақтарына жауап берді.
Сабақ барысында 3 «Б» сынып оқушылары мұғалімінің басшылығымен ойын түріндегі сергіту жаттығуларын жасады. Сабақ соңында барлық оқушылар «Светофор» көмегімен өздерінің белсенділіктерін бағалады.
Нурманова А.Н.